USD
USD
USD

Танымал режиссер Алматы жайлы ролик түсіреді

Белгілі қазақстандық режиссер, клипмейкер Айсұлтан Сейітов Алматының туристік әлеуеті туралы имидждік ролик түсірмек.

Танымал режиссер Алматы жайлы ролик түсіреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков қала туралы «Ең үздік видеошолу» байқауы ұйымдастырылатынын айтты.

«Биыл белгілі қазақстандық клипмейкер, режиссер Айсұлтан Сейітовпен Алматы мен Алматы агломерациясындағы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры ғимараты, кинотеатр Арман, Көк Базар, Панфилов көшесі, облыстағы – Шарын шатқалы, Алтын Емел, Көлсай көлдері, Қайыңды туралы имидждік видеоролик түсіруді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Одан бөлек Алматының танымалдылығын арттыру үшін әуежайлар мен метростансаларда, халықаралық (Санкт-Петербор, Киев, Ташкент, Баку) жолаушы пойыздарының сыртында қала туралы баннер ұйымдастырылады.

Шетелдік белгілі сайттар мен БАҚ беттерінде, әлеуметтік желіде қала туралы фото, видео ақпарат жарияланады.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.