USD
USD
USD

Танымал продюсер сынға қалды

Бүгінде Гүлзира Айдарбекованың инстаграм парақшасында 2 миллионға жуық оқырманы бар. Әлеуметік желіде белсенді продюсер әр постына жазылған пікірлерге барынша жауап беруге тырысады.

Танымал продюсер сынға қалды
Фото: NEGE.kz

Продюсердің желідегі оқырмандарының жазған жағымсыз пікірлеріне ренжитін сәттеріде жиі болады. Бұл жолы оның қытығына тиген - хэйтерлері. Қайрат Нұртастың анасы кезекті жазбасын бейтаныс компанияның жарнамасына арнаған. Алайда, Айдарбекованың бұл әрекеті оқырмандарына жақпай қалса керек, жағымсыз пікірлерді қарша боратты. Ермек Байболатов есімді оқырман өнер өкілінің шет елде демалып жүрген суретіне «Тәлпіш!» деп алғашқылардың бірі болып жазба қалдырған. Өзіне кереғар пікір білдірген желі қолданушысының сөзін Гүлзира ханым да жауапсыз қалдырмады.

«Неге сіз сияқты майда еркектер көбейіп кеткен, өсектеп отыратын? Сіздерді көріп, отбасымдағы ер-азаматтарға риза боламын. Осылай өсек теріп отырмайды екен», - деді. Продюсердің сөзін қос қолдап құптап, алғысын айтқандардың да қарасы қалың.

«Жақсы демалыңыз. Қайтесіз ондай адамдарды. Өзінде болса бере алмайды, өзгеде болса көре алмайтындар ғой», «Дұрыс жауап бердіңіз, Гүлзира ханым», «Дұрыс, әркім өзі біледі қайда жүрсе де. Бізге де жұғысты болсын. Әумин», - дейді Айдарбекованы желіде жақтаған жұрт.

Айта кетейік, дәл қазіргі таңда Гүлзира Айдарбекова құрбысы Шахизадамен Малайзия мемлекетінде демалып жүр. Инстаграмда белсенді танымал продюсер әр сәтін желіге жүктеп, шекара асса да оқырмандарымен байланысын үзген емес.

Қазір оқып жатыр

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

бокаев

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

Полиция

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Парақорлық

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Қанат Бозымбаев