Танымал футболшының интим видеосы желіде тарады
"Зенит" пен Ресейдің футбол құрамасының капитаны Артём Дзюба ұлттық құраманың матчтарынан шеттетілді.
Алматы, NEGE. Бұған дейін желіде Дзюбаның интимдік сипаттағы видеосы пайда болған.
"Артем Дзюбаға қатысты жағдайдың спорттық тұрғыдан Ресей құрамасына ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан біз бұл жайтты егжей-тегжейлі бағалап, түсініктеме берудің қажеті жоқ деп санаймыз <...>. Осыған байланысты бүгін командаға да, ойыншыға да психологиялық қысым түсірмес үшін Артём Дзиубаны қазіргі оқу-жаттығу жиынына шақырмау туралы шешім қабылданды", - деді Ресей ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов.
Футболшы видео тарағаннан кейін инстаграм парақшасын жойған. Енді футболшының аккаунтына жазылу мүмкін емес, дегенмен оған бұрын жазылғандарға парақша қолжетімді.
Оған қоса Дзюба Instagram-дағы барлық жазбасы астына жазба қалдыруға шектеу қойған.
Baza-ның мәліметі бойынша, Дзюбаның телефонын хаккерлер бірнеше апта бұрын бұзған. Оның атына видеоға қатысты арыз-талап түскен жоқ. Осы оқиғадан кейін Дзюба телефонын тазартқан, бірақ, хаккерлер оның ішіндегінің барлығын көшіріп үлгерген секілді.
Қазір оқып жатыр
Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды
Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті
«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған