3 Желтоқсан 12:22
...

Танымал бойдақтар

Фото:

Жыл сайын Қазақстанда өнер өкілдерінің саны артуда.  Алайда, олардың көпшілігі шаңырақ көтеруге асықпайды. Оған себеп те жоқ емес. Кейбіреулер мансабын бірінші орынға қойса, қалғандары талғамындағы жанды әлі  жолықтырмаған.

Алматы, NEGE. Сіздерге үйленбеген танымал жігіттер тізімін ұсынсақ. Бір жағы жанкүйер қыздардың жүрегінде титтей де болсын үміт отын жағады деп ойлаймыз. Ендеше, бойдақтардың рейтингін назарларыңызда.

Сегізінші орында – Қуандық Рахым. Талай жүректі тебірентіп, талай ғашықтардың әндеріне арқау болған Арқаның жігіті бойдақ. Болашақ жарын кездестірмеген көрінеді. Музыкалық байқау арқылы көрермендерге танылған өнерпаз мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанған.  

Жетінші орында талай қыздың жүрегінде бой тасалаған талант иесі – Димаш Құдайберген. Күллі әлемді өнерімен тамсандырған әнші жігіт сұхбатынының бірінде сүйгенім бар деп айтқан. Бір кездері инстаграм әлеуметтік желісіне сұлу арудың суретін жүктеп, жанкүйерлердің толассыз пікірлерінен соң өшіріп тастаған болатын. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздан келер жылы шоумен бірге тойдың болар күнін күтеміз.

Алтыншы орынның төрінде танымал актер – Аян Өтепберген. «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. Ағымдағы жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. Отандық кинотуындыда басты рөлді сомдап, өнерсүйер қауымның көзайымына айналды. Бүгінде әншілікті қолға алып, бірнеше жаңа әндерін тыңдармандарына ұсынды.  «Жау жүрек мың бала», «Рэкетир 2», «Қазақ хандығы», «Тайталас», «Зеркала», «Томирис» сынды фильмдегі рөлін жоғары деңгейде сомдаған актердың жүрегі бос. «Арманымдағы аруды жолықтырсам отбасын құруға дайынмын», - деп сұхбатының бірінде айтқан болатын. Ендеше Аян Өтепбергенге өнерде де, жеке өмірде де сәттілік тілейміз.

Бесінші орында  белгілі әнші – Әли Оқапов. Жеке өмірін құпияда ұстайтын әнші биыл тағыда бойдақ. ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева тұңғышының үйленуін тағатсыздана күтіп жүргені сөзсіз. Сері жеке өмірі жайлы сұхбат бергенді ұнатпайды. Деседе Әлидің отбасындағы дүбірлі тойдың ауылы алыс емес. Себебі әнші репертуарындағы туындының бірін жүрегін жаулаған аруына арнаған. Жас өнерпаз басылымға болашақ жарына деген қойылатын талаптары туралы да жасырмады.

Төртінші орында, «Ринго» тобындағы – Данияр Өтеген. Даниярдыңда музыкалық байқау арқылы танымалдылығы артқан. Сұқбатының бірінде  өнерлі сері болашақ жарының ең әуелі жан дүниесі сұлу болу керек деген талабын айтқан болатын. «Қандай әдемі болсын, ақылы жоқ болса мен ондай адаммен өз өмірімді байланыстыра алмаймын», – дейді Данияр Өтеген. Ендеше халықтың қошеметіне бөленіп жүрген өнер иесіне ойындағы ақ құсын қолына қондыруына тілектеспіз.

Музыкалық байқау арқылы бағы жанған – Қайрат Түнтеков үшінші орында. Осы жылы 33 ке келген әншінің басы бос. «Болашақ жарымды жолықтырсам отбасын құруға дайынмын», - деген сері шығармашылығын мықтап қолған. Осыдан бірнеше ай бұрын  «талғамымдағы жанды концерттің бірінде жанкүйерлерімнің арасынан кездестірдім», - деп мәлімдеме жасаған Қайрат мырза тойдың уақытысын да, жолықтырған аруы жайлы да ашық айтпады.  4 жылдан кейін қайта сахнаға оралған Түнтеков бүгінде мұхит асып, қазақтың әнін әлемге асқақтатып, шет елде кеңінен танылмақ ниетте. Талай ән байқауында топ жарған өнер иесі шаңырақ көтеріп, алдағы уақытта  жарымен бірге шет елде өнерін паш етеді деген үміттеміз.

Екінші орында езуінен күлкісі кетпейтін – Кентал.  Ол отандық кино саласына үлес қосуды мақсат тұтқан. 34 ке келетін жігіт  әлі де бойдақ. Осыдан 6 жыл бұрын қазақстанның белгілі әншісімен көңіл жарастырып, кейіннен жұптары жараспағаны белгілі болған. Мерекелік кештердің бірінде болашақ жарын көпшілікке таныстырған Талғат келер жылы шаңырақ құруға сақадай сай.

Бірінші орында, көшті бастап тұрған сүрленген бойдақ – Әлішер Кәрімов. Музыкалық ән жобада танылған әнші әлі отбасын құруға асығар емес. 15 жылдық мерейтойына орай жеке кешін Республика сарайында атап өткен өнер иесіне  арманындағы аруын тезірек кездестіруіне тілектеспіз. 

Алдағы  жылы бойдақтардан жағымды жаңалықтар күтеміз.

Ұлжан Айнақұлова

Тегтер: