USD
USD
USD

Танымал «Аватар» фильмі қазақ тіліне аударылады

Көпшілікке кеңнінен танымал «Аватар» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Facebookпарақшасында жариялады.

Танымал «Аватар» фильмі қазақ тіліне аударылады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Достар, сіздерді керемет жаңалықтан хабардар еткім келіп отыр. Осы жексенбіден бастап еліміздің кинотеатрларында кинематография тарихындағы ең жоғары кассалы және көрермендер тарапынан зор сүйіспеншілікке ие болған «Аватар» фильмі жаңартылған бейнеде, өңделген дыбыспен қазақ тілінде қалың көрерменге жол тартады. 

Түпнұсқаны қайта шығарудағы мақсат – кейінгі онжылдықтың ең айтулы фильмі болады деп күтіліп отырған «Аватар: Су жолы» екінші бөлімінің шығуымен орайластырылып отыр. Оның да премьерасы ана тілімізде биыл 16 желтоқсанда болады.

Қазақстандық шығармашылық дубляж тобы фильм мәтінін қазақ тіліне аудару, оның локализациясы және дыбыстау бойынша сапалы жұмыс атқарды. 

Бұдан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігі «Интервидео» компаниясымен бірлесіп әлемдік премьерасы алдағы 10 қарашада өтетін MARVEL әлемінің «Қара пантера: мәңгі Ваканда» фильмін де қазақ тіліне дубляждайтынын айта кеткім келеді.

Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды жалғастырып, картиналардың қазақ тіліндегі прокатын көбейте беретін боламыз»,-деп жазды министр. 

 

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

kaspi.kz

СҚО-да кен орнына апаратын кірме жол құрылысы 8 жылдан бері әлі аяқталмаған: басқарма басшысы күдікке ілінді

бюджет қаражатын жымқыру

Ұмай ана қолдады. «Отбасы банк» топ-менеджерлерінің табысы НЕГЕ тез өсіп келеді?

.

Алты адам қаза тапқан Aqtogai Milk-тегі қайғылы жайтты тексеру қорытындысы жарияланды

Aqtogai Milk