USD
USD
USD

Ариана Гранде жаңа рекорд орнатты

Америкалық әнші Ариана Гранденің есімі Billboard Hot 100 рейтингінің тарихында қалады. Себебі ол  «Spotify» стримингтік платформасында жаңа рекорд орнатты.

Ариана Гранде жаңа рекорд орнатты
Фото: NEGE.kz

Ариананың «My Everything», «Dangerous Woman» және «Thank u», «next» альбомдарындағы туындылар жоғары сұранысқа ие. Тыңдармандар әншінің өнеріне оң бағасын берген. Соның нәтижесінде оның 3 альбомы 3,5 миллиард рет тыңдалды.

Ариана Гранде 3 альбом шыққалы бері рекорд жаңартумен келеді. Ол ең атақты әншілер қатарында көш бастап тұр. Жоғарыда атап өткен «Thank U», «Next» альбомындағы 3 әні қатарынан бірінші орынды иеленген. Мұндай жетістікке осыған дейін тек «Битлз» тобы ғана жеткен. 1964 жылы ливерпульдік төрттік рекорд жаңартып, олардың «Can't Buy Me Love», «Twist and Shout» және «Do You Want to Know a Secret» тректері чарттың көшін бастаған еді. Бұл айтулы жаңалықтан соң араға 50 жыл уақыт салып Ариананың әндері рекорд жаңартты.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.