USD
USD
USD

МакSим өнерден кетпек

Ресейлік әнші МакSим денсаулығына байланысты сахнадан уақытша кетуге шешім қабылдады. Бұл туралы әртістің менеджері Маргарита Соколова әлеуметтік желіде мәлімдеді.

МакSим өнерден кетпек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Марина Абросимованың сахнадан уақытша кету туралы шешімі жол апатынан алған жарақатымен байланысты. 2019 жылдың сәуірінде шет елде МакSим мінген көліктің дөңгелегі жарылып, жыраға аударылған болатын. Салдарынан әнші жарақат алды.

«Сіздерден түсіністік танытып, әртіске құрметпен қарауды өтінемін» деген Маргарита Соколова өнер иесінің тыңдармандарынан жоспарланған шаралардың өтпеуіне байланысты кешірім сұрады. Сонымен қатар алдағы уақытта МакSим «Преданным» атты туындысын тыңдармандарға таныстыратынын жазды. Жанкүйерлерімен кездесіп, жаңа альбомын ұсынғаннан кейін МакSим сахнада біраз уақыт өнер көрсетпейді.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.