USD
USD
USD

Танымал актриса коронавирустан қайтыс болды

Өзбек ұлттық академиялық драма театрының актрисасы, Өзбекстанның халық әртісі Дибльбар Икрамова 25 тамызда 73 жасында қайтыс болды. 

Танымал актриса коронавирустан қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Podrobno.uz тілшісінің мәліметі бойынша, актриса коронавирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған. 

Дильбар Икрамова 1947 жылдың 17 шілдесінде Ташкент облысында дүниеге келген. 1970 жылы Ташкент мемлекеттік өнер институтын тәмамдаған. 

Ол "Ай тұтылған түнде", "Үйлену", "Алтын қабырға", "Горизонт" және басқа да қойылымдарда ойнаған.

1980 жылдан бері белсенді түрде киноға түскен, қырыққа жуық фильмі бар. Ол "Келіндер бүлігі", "Шариф пен Мариф", "Жалғыз естелік", "Ғашықтар", "Сатқындық" және басқа фильмдердегі рөлдерімен танымал.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда 39 964 адам коронавирус жұқтырған, оның ішінде 36 402 науқас аурудан жазылса, 291-і қайтыс болған. 

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов