USD
USD
USD

Танымал актердің ұлы ауыр халде ауруханаға түсті

Танымал ресейлік кино және театр актері Максим Дрозд көпшіліктен ауруханада жатқан ұлы үшін дұға етуді сұрады.

Танымал актердің ұлы ауыр халде ауруханаға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Ұлым ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Оның жазылып кетуі үшін дұға етіңіздерші", - деп жазды актер өз Instagram парақшасында.

Максим болған оқиғаның мән-жайын айтпады. Десе де, 20 жастағы Егор Дроздың ауруханаға не себепті түскенін анықталған.

Сенбі күні кешке Мәскеудің батысында Егор Дроздың қатысуымен төбелес болған. Алдын-ала ақпарат бойынша, жанжалға қатысушылар мас болған көрінеді. Сонда Егор басынан ауыр соққы алып, есінен танып қалған. Ол Кутузовский даңғылындағы пәтерден Боткин атындағы ауруханаға жеткізілген.

Егор - Максим Дрозд бен жүзуші Анастасия Бровкинаның ұлы. Актердің өзі көрерменге "Гражданин начальник", "Штрафбат", "Охота на пиранью", "Ликвидация", "День Д" фильмдері арқылы таныс. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы