USD
USD
USD

Танымал актер әйелін 20 қойға құлдыққа сатып жіберген бе?

Сарбиноз есімді әйел виртуалды әлемде Марат есімді жігітпен танысып, өзінің құлдықта екендігін және көмек беруін өтініп сұрайды. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Танымал актер әйелін 20 қойға құлдыққа сатып жіберген бе?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Мені күйеуім жиырма қойға сатып кеткен. Мені бұл жердегілер құлдықта ұстап отыр, құжаттарымның барлығын алып қойған. Қалай кетуді білмеймін. Өтінемін көмек беріңізші" – дейді әйел.

Ал виртуалды әлемдегі махаббаты Марат оның жеке нөмерін алып көмектеспек болғанда, қазіргі күйеуі яғни фазенда бастығы қоқаң лоққы көрсетіп, қыздың жағдайы жақсы екендігін айтып, "сен кімсің" деп өзін қорқытады.

Біраз уақыт жоқ болып кеткен қыз кейін қайтадан кері байланысқа шығады. Ал Марат бұл жағдайды бей-жай қалдырмай "Астарлы ақиқат" бағдарламасына хабарлаған. 

Құлдықтағы қыздың бұрынғы күйеуі отандық фильмдердің бірінде басты рөлді сомдаған актер болып шықты, Ол бірнеше жыл бұрын "Секер" атты кино туындыға түскен Кенже Ешимов.

Айта кетсек, Сарбиноз күйеуі Кенже Ешимовты өзін жиырма қойға айырбастады деген болатын. 

Желі қолданушыларының басым бөлігі құлдықта отырған әйелге сенбейтіндіктерін айтуда. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар медициналық картасын кім және не үшін қарағанын біле алады

жеке дерек

Қазақстанда емделетін шетелдіктер көбейген: заңға «медициналық туризм» ұғымы енгізілмек

дәрігер

Түркістан облысында бас дәрігер бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша 8 жылға сотталды

сот балғасы

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы