USD
USD
USD

Танымал адамдарға қаржы өнімдерін жарнамалауға тыйым салынбақ

Қытайдың қаржы нарығын реттеушісі компанияларға интернетте қаржы өнімдерін жарнамалау үшін танымал адамдарды тартуға тыйым салмақшы. Бұл туралы қаржы өнімдерінің онлайн маркетингісін басқару жөніндегі нұсқаулықтың жарияланған жобасында айтылған. Бұл жайында ҚазАқпарат жазды.

Танымал адамдарға қаржы өнімдерін жарнамалауға тыйым салынбақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұсынылған ережеге сәйкес, қаржы мекемелеріне қаржы өнімдерін жарнамалау үшін «қытайлық орындау өнерінің шеберлерін» тартуға тыйым салынады.

Мұндай тыйым косметика, киім-кешек және мобильді телефон жарнамаларына да салынады. Құжат жобасында тікелей эфирлер мен әлеуметтік медиа платформалар арқылы қаржы өнімдерінің онлайн-маркетингісіне қатысатын тұлғалардың қаржы институттарының өзінде жұмыс істеуі және тиісті кәсіби (қаржылық) біліктілікке ие болуы тиіс екендігі баса айтылған.

2021 жылдың қарашасында бағалы қағаздар бойынша Қытай реттеушісі интернет-платформаларға тікелей трансляциялар арқылы акцияларын жарнамалауға тыйым салынған болатын.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі