USD
USD
USD

Танымал КВН ойыншысы қайтыс болды

Қырғызстанның танымал КВН ойыншысы Марат Жұманәлиев қайтыс болды.

Марат Жұманалиев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде блогер және КВН Asia MIX командасының мүшесі Марат Жұманалиевтің қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратты оның туыстары растады.

"Азия MIX-тегі Маратик қайтыс болды. Дұға жасаңыздар. Ол жақсы адам еді. Үнемі мұқтаж жандарға көмектесетін", – деп жазады Facebook қолданушылары.

Сондай-ақ Марат Жұманалиевтің бас жарақатынан қайтыс болғаны айтылған.

Бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті алаяқтық жасаған күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған. Оның бірі "Азия MIX" командасының мүшесі Марат Жұманалиев болды.

Құзырлы орган мәліметінше, күдіктілер "Спекулянт" дүкендер желісінің иесінен сома алып, құқық қорғау органдарымен байланысты мәселелерде көмек көрсетуге уәде берген. Бірақ уәде орындалмады, сонымен қатар кәсіпкердің туыстарына қысым көрсетілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер