Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты
Қазақстандағы мәдениет қайраткерлері мен танымал спортшылар халық алдына шығып, 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты. Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Болат Әбділманов, жауынгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы Арман Оспанов пен IBO нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионы Жаңқош Тұраровтар бар.
Астана, NEGE. Қазақстанның халық әртісі Болат Әбділманов партияның бағдарламасымен танысып, іс-шараларына да өзі қатысқанын мәлімдеді. Театр мен кино майталманы партияның мәдениеттегі бастамаларына ерекше назар аударды.
«Осы партияның іс-шараларына қатысып, олардың бағдарламасымен жеке танысқан адам ретінде, әсіресе, өнер мен мәдениетті дамытуға жасаған ізгі қадамдары мені қуантады. Сондықтан да 23 тамыз сайлау күнінде «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырамын», – деді Болат Әбділманов.
Айта кетейік, партияның «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасының бір блогы мәдениетті дамытуға бағытталған. Партия мәдени нысандарды салып, оларды жөндеуді, еліміздің барлық өңірінде жастардың шығармашылық дамуы үшін жағдай жасап, сондай-ақ музейлерді цифрландыруды ұсынып отыр. Бағдарламаның жеке бір бағыты кітап шығару, кітапхана ісі мен кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Жауынгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы атанған Арман Оспанов та партияға қолдау танытты. Айта кетейік, Арман Оспанов спорт сүйер қауымға етене таныс жауынгерлік самбодан Әлем кубогының иегері, джиу-джитсудан Азияның екі дүркін чемпионы. Спортшы «Әділет» партиясының мүшесі және өз таңдауын әділ спорт қағидатымен байланыстырды.
«Біз спортшылар әділ спортты, әділ қоғамды, «Әділет» партиясының бастамасын қолдаймыз. 23 тамыз күні Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясын қолдауға шақырамыз», – деді Оспанов.
«Әділет» партиясы өз бағдарламасының спортты дамыту блогында бұқаралық спортпен шұғылданатын қазақстандықтардың санын 2029 жылға қарай кемі 50% жеткізуді көздеп отыр. Бұл үшін партия мектеп және студенттер лигасын кеңейтіп, спорт нысандар, соның ішінде ауылдағы модульді нысандар салуды, сондай-ақ спорт орталықтарын жаңғыртып, жаттықтырушылардың мотивациясын күшейтуді ұсынады.
Кәсіпқой мансабында ешкімнен жеңіліп көрмеген, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жаңқош Тұраров та өз таңдауын жасаған. Ол партияның сайлауалды науқанымен жақынырақ танысып, партияның ұсыныстары, соның ішінде, спортты дамытуға қатысты ұсыныстарын қолдаймын дейді.
«Әсіресе, спорт саласын дамытуға бағытталған бастамаларын қолдаймын. 23 тамызда баршаңызды сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауыңызды жасауға және «Әділет» партиясын қолдауға шақырамын», – дейді Тұраров.
Айта кетейік, партияның бағдарламасында спортшыларды дайындау сапасын жақсартып, жаттықтырушылардың нақты нәтижесі үшін ынтыландыру төлемдерін енгізу көзделген. Сонымен қатар, «Әділет» партиясы азаматтың тұратын жеріне, жасына және кірісен қарамай, спортты қолжетімді етпек.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.