USD
USD
USD

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстандық блогер Нұргелді Кердеш Астанада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесіп, қолынан сый-сияпат алды.

Нұргелді Кердеш
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/dragon_knm

Астана, NEGE. Танымал блогер көрші елдің басшысымен кездескенін әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлап, кездесуден видео жариялады. Оның айтуынша, Моңғолия басшысы блогердің өнерін жоғары бағалаған.

«Бүгін әкем екеуіміз Моңғолия елінің Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездестік. Осындай жоғары лауазымды адамдар өнерімізді бағалайтынына өте қуаныштымыз», – деп жазды Нұргелді Кердеш.

Сондай-ақ блогер Моңғолия еліндегі оқырмандарына ыстық сәлемін жолдап, жақында сол елге сапарлап баратынын жеткізді.

Нұргелді Кердеш – Instagram әлеуметтік желісінде 6 миллионнан астам оқырманы бар, танымал вайнер. Оның контенті, негізінен, әкесімен бірге түсірілген әзіл-қалжыңға құрылған. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова