USD
USD
USD

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова желіде қалыңдық атанғанын сүйіншілеп, жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын жеткізді.

Әбиба Әбужақынова
Фото: instagram.com/abiba48

Астана, NEGE. Дзюдошы қыз Instagram желісіндегі жеке парақшасында бірнеше романтикалық фото жүктеп, «"Иә" дедім» деп, сүйіктісінің шаңырақ құру туралы ұсынысын қабыл алғанын жазды. 

Алайда спортшы әзірге сүйіктісін құпия ұстағанды жөн көріпті, желіге жариялаған суреттерінен жігіттің бір құшақ раушан гүлін ұстап, теріс қарап тұрған фотосын ғана көруге болады. Сондай-ақ Әбиба жүзік тағып тұрған фотосын жүктеп қойған. 

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова өткен жылы дзюдодан Мажарстанда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Бұл Қазақстан дзюдосы үшін тарихи жетістік болды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған