USD
USD
USD

Танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлы тосын мәлімдеме жасады

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі парақшасында қазіргі чемпиондарды жекпе-жекке шақырып, тосын мәлімдеме жасады.

Ә
Фото: ©x.com/qazaqstyle

Алматы, NEGE. "Чемпиондар, мен сендерді қуатындай уақытым жоқ. Сендер боксты масқаралап жатырсыңдар! Егер айқасқа шығуға келіспесеңдер, онда неге белдікті ұстап отырсыңдар? Бұлай қиын болады деп ойламап едім!" – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Кейінірек ол тағы бір жазба жариялап, америкалық боксшы Терренс Кроуфордпен кездесуге ниетті екенін білдірді.

"Егер Кроуфорд менімен жекпе-жекке шығуға келіссе, мен үлкен қуанышпен рингке шығар едім. Біздің айқас әрбір жанкүйерді толқытып, бір сәтін де қалт жібермей көргісі келетіндей әсерлі болар еді", – деді қазақ боксшысы.

Қазір оқып жатыр

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу