11 Қаңтар 18:23
...

Танымал блогер педофилиямен айыпталды: балалар омбудсмені мәлімдеме жасады

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл
Фото: ғаламтордан

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева күйеуін педофилиямен айыптаған блогер Күлпынай Қалменованың ақпаратына қатысты пікір білдірді. 

Алматы, NEGE. Бір күн бұрын Күлпынай Қалменова блогер күйеуі Қолғанат Жұмабаевтың 10 және 11 жастағы екі қызбен әдепсіз хат алысып тұрғанын жария еткен.

  ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл адвокат екеуі Қалменоваға хабарласқанын айтты. Уәкіл бұл мәселе бойынша прокуратурамен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Аталған жағдай бойынша мен және заңгер кеше блогермен байланысқа шықтық. Қалалық прокуратурамен бірге процестік шешім қабылдау мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Уәкілетті органдармен бірлесе отырып, балалардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», – деді Зәкиева.

Сонымен қатар ол ата-аналаларға бірқатар кеңес бере кетті.

«Ата-аналарды қырағы болуға шақырамын: баланың кіммен араласатынын әрдайым бақылап, оған қауіп-қатерлер, соның ішінде әлеуметтік желілердегі қауіптер жайлы айтып отыру, сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінде мектептерде енгізіліген қауіпсіздік сабақтары аясында қаралатын тақырыптарды талқылау маңызды. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген күмәнді жағдайларды 102 немесе 111 номерлеріне хабарлау қажет», – деді балалар уәкілі. 

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандықтар 10 және 11 жастағы кәмелетке толмаған қыздармен күдікті хат жазысқан блогердің әрекетін талқылап жатқаны айтылды. Әйелі оның телефонынан сүйісіп тұрған суреттері мен сезімін білдірген хабарламаларды тапқан. Сөйтіп ол ажырасуға арыз берді.

Қолданушылардың айтуынша, блогер балалар шаштаразына иелік етеді, онда ол балалармен видео түсіреді. Әйелі бірден қыздардың аналарына хабарласқан, бірақ олар хат жазысудан ешнәрсе көрмеген. Шарасызданған әйел әлеуметтік желіге хабарламалар мен басқа да материалдарды жариялай бастады.

Алайда қыздардың ата-анасы оны қорқытып, сотқа жүгінеміз деп қорқытып, барлық постарды алып тастауды талап еткен.