USD
USD
USD

Танымал адвокат Жанна Оразбақованың үстінен іс қозғалды

Салтанат Нүкенованың мүддесін қорғаған адвокат Жанна Оразбақованың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат тарады.

Жанна Оразбақова
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады.

«Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тыйымға қарамастан, көрсетілген тұлғалар БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тергеу барысы туралы ақпарат таратқан», – делінген полицияның ресми мәлімдемесінде.

Адвокат Жанна Оразбақова өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты пікір білдірді.

«Алматы қаласы полиция департаментінің маған қарсы қозғаған қылмыстық ісі заңсыз, себебі мен іс материалдарын көрген жоқпын, таныс емеспін, оларды қалай жария ете аламын? Тергеу әлі жалғасуда. Ең бастысы, мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру құпиясын жарияламау туралы ешқандай міндеттеме алған жоқпын және бұл міндеттемесіз ешкім маған айып таға алмайды. Қазір қылмыстық істі заңсыз тіркегені туралы прокуратураға арыз дайындап жатырмыз. Сіздерді хабардар етіп отырамын», – делінген Жанна Оразбақованың жазбасында.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама