USD
USD
USD

Тәні саудың – жаны сау

Шымкент қалалық сайлауалды қоғамдық штабтың мүшелері бүгін медицина өкілдерімен кездесті.

Тәні саудың – жаны сау
Фото: NEGE.kz

«AMANAT» партиясы қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Бақытжан Позилов, Бақытжан Жақсықұлов, Альбина Елшиева, Абуали Тасмурзаев, Алмасходжа Қайыпов қалалық №7 ұжымымен бірге қазіргі заманда сапалы медицинанық маңызы зор екенін талқылады.

Үміткерлер, осы орайда, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында да медициналық қызметтің сапасын арттыруға баса назар аударылғанын айтты.

– Шымкенттегі медицина қызметінің сапасын арттыру мақсатында алдағы жылдары 18,5 мың қызметкерге республиканың жетекші  мамандары шеберлік сағаттарын өткізеді. Ол іс-шаралар кешені 2023 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі аралықта жүзеге асырылмақ, – деді қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер Жанар Әлібекқызы.

Партия филиалының Атқарушысы хатшысы, сонымен қоса, партия қаланың медициналық ұйымдарының материалды-техникалық базасын нығайту үшін 5 жылда 17,5 млрд теңге бөлінуіне атсалысатынын, 2025 жылы 200 орынды перзентхананы пайдалануға берілуі жоспарланып отырғанын жеткізді.

Жиын соңында кандидаттар ақ желеңді абзал жандарды сайлауға белсенді қатысып, халықтың аманатын арқалаған жетекші партияны қолдап дауыс беруге шақырды.

*Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп