USD
USD
USD

«Таңғалдырады»: Президент денсаулық сақтау саласындағы алаяқтық туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау саласында жеке-жеке жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйе бар екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президенттің айтуынша, бұл жүйелерді бір-біріне толыққанды байланыстыру бұған дейін қанша талап етілсе де, сол күйі жасалмаған. 

«Бюджет қаржысын жымқырудың басты себептерінің бірі – осы.

Салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істер жасалғаны таңғалдырады. Оның үстіне бұл әлеуметтік салада орын алып жатыр. Бас прокуратура мен басқа да өкілетті органдар қылмыстың қашан жасалғанына, оны кімдердің жасырғанына қарамастан, істі егжей-тегжейлі тексеріп, ақиқатты анықтауға міндетті. Тергеу процесін өз бақылауымда ұстаймын», – дейді Тоқаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысын аяқтауды тапсырды.

«Бұл барлық үдеріске бақылау жасап, басынан аяғына дейін қадағалап отыратын жүйе болуға тиіс.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің де барынша ашық болуын қамтамасыз ету керек. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жалған құжат толтырып, деректерді бұрмалайтын қитұрқы жолдар бар екені анықталды», – деді Президент. 

Ол Бас прокуратура мен тиісті құқық қорғау мекемелеріне барлық жымқыру әрекеттеріне қатысы бар адамдарды заң тұрғысынан жауапқа тартуды міндеттеді.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

эвтаназиялау

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Оқушылар

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Кайсар уалихан

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін

Temu