Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты бұрынғы президенттің жаңа Конституция жобасы мен қазіргі саяси реформаларға қатысты пікірін жариялады. 

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: nazarbaev.kz

Астана, NEGE. Назарбаевтың айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуы мен билік сабақтастығы жалғасуы үшін қабылданған.

«Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін. Қазір Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның беделін көтеру қажет. Бұл бағытта аз жұмыс істеліп жатқан жоқ, соның ішінде мен қолдап отырған бүгінгі референдумның да маңызы зор. Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Осы Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі республикалық референдумға қатысып, елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді. Алайда ол дауыс бергеннен кейін журналистерге қайырылмай, бірден кетіп қалған.

 

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп