Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тамыздың алғашқы онкүндігінде елімізде 1,6 млн тонна астық жиналды

Қазақстанның 12 өңірінде егін жинау науқаны басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударуда: қолайлы жағдайлар жасау тәуекелдерді азайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Егін
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Соңғы мәліметтер бойынша, 1,1 млн гектар (дәнді дақылдар егісінің 6,6%-ы) орылып, 1,6 млн тонна астық бастырылды, 17,4 мың тонна майлы дақыл, 363,5 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша өнімдері жиналды.

Ел бойынша жаппай егін жинау науқаны тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. Егін жинау жұмыстарына барлығы 139 мың трактор, 31 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың орақ және 130 мың басқа техника жұмылдырылады.

Бүгінгі таңда жалпы дайындық 93%-ды құрайды. Өңірлерге егін жинау жұмыстарын жүргізуге 254 теңге/литрге жеңілдікті бағамен 402 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл нарықтық құннан 18-20%-ға арзан.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат