USD
USD
USD

Тамыздан бастап елордада 10 мың мұғалім қашықтан оқытудың онлайн курсын оқиды

Астанадағы мұғалімдердің бәрі «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты онлайн-курстан өтеді.

Тамыздан бастап елордада 10 мың мұғалім қашықтан оқытудың онлайн курсын оқиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Нұр-Сұлтан білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлім етті

 «Тамыз айынан бастап 9958 (100%) білім ұйымының педагогтары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Педагогикалық шеберлік орталығы» әзірлеген «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты онлайн-курсты оқиды», - деді Шолпан Қадырова қала әкімдігінің Facebook парақшасында өткен баспасөз мәслихатында.

Курс 5 модульден тұрады («қашықтан оқыту ерекшеліктері», «оқуға тарту», «ақпараттық-техникалық құралдар», «кәсіби ынтымақтастық» және «ата-аналарды педагогикалық қолдау»).

Курс ұзақтығы – 40 академиялық сағат. Өткізу форматы – асинхронды. Бұл тыңдаушыларға өз бетінше оқудың уақыты мен қарқынын таңдауға мүмкіндік береді.

Курстар Stepik білім платформасында өтеді.

«Онлайн-курстың әр тақырыбы мұғалімдердің өз бетінше зерделеуі үшін өзекті материалдар мен ресурстарды қамтиды. Педагогтар курста қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлерін зерттеп, онлайн сабақтардың оқу үдерісін жоспарлауды, оқу жетістіктерін бағалауды үйренеді», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығы тамыз айының бірінші және екінші аптасында «Цифрлық педагогика: оқыту және тәжірибе» тақырыбында онлайн-оқыту өткізуді жоспарлап отыр. Бұл оқытумен 12 480 (100%) педагог қамтылады.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана