USD
USD
USD

Тамыздағы ҰБТ-ны 25 мың түлек тапсырды

Қазақстанда тамыз айындағы ҰБТ-ны 25 мыңға жуық талапкер тапсырды. Оның ішінде шекті балды 58%-ы жинады. Бес пәннен орташа көрсеткіш – 56 балл, ал ең жоғары нәтиже – 134 балл болды.

ҰБТ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл ерекше білім беру қажеттілігі бар 112 талапкер үшін қолайлы жағдай жасалып, олар да сынаққа қатысқан.

Тестілеу барысында 103 ереже бұзу фактісі тіркелді. Оның ішінде смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған зат әкелуге тырысқан 37 талапкер тест тапсыру құқығынан айырылды. Тағы 66 адам ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Құжатсыз «қосалқы» тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетейік, ҰБТ бейнебақылау арқылы жазылып отырды. Министрлік 31 қазанға дейін бейнежазбаларды тексеріп шығады. Егер талапкер тарапынан ереже бұзушылық анықталса, оның нәтижесі жойылады.

Колледж түлектері өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін тек сұхбаттасудан өте алады. Бұл қабылдауды тікелей университеттердің қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Қазір оқып жатыр

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот