11 Тамыз 12:05

«Тамыз революциясы». Ғалымжан ЕСЕНОВ Нұрдәулет Айдосовтың НЕГЕ «басын алды»?

Фото:

10 тамыз күні өткен Jusan bank директорлар кеңесінің жиналысында Ғалымжан Есенов банкті толық өз қолына алды. Енді ол – директорлар кеңесінің төрағасы. Кеңеске Жарқынбек Әзбеков пен Санжар Жамалов кірді. Банктің басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов кеңестен де, басқармалықтан да шығарылып, Jusan-нан мүлде аластатылды.

Ғалымдан Есеновті «жаңа заманның терминаторы» десе де болады. Кезінде Кәрім Мәсімовтің командасы оның АТФБанкін Цеснабанкке қосып, Jusan деген атауға ие болған жаңа банктің 20 пайыз акциясын бергендей болған. Бірақ, шын мәнінде, Есеновті шешім қабылдау, басқару жұмысынан шеттетіп, тіпті дивиденд төлемей қойғаны белгілі болды.

Нұрдәулет Айдосов сол кезде банк басқармасында билік жүргізіп тұрғаны есте. Ал Есенов ондайды кешірмейді.

Директорлар кеңесінің отырысында Jusan Bank және акционерлер Ғалымжан Есенов пен Jusan Technologies Ltd (JTL) арасындағы бітімгершілік келісімін бекітілді. Оған сәйкес, JTL активтері Қазақстан Республикасының юрисдикциясына қайтарылды

Коллаж: NEGE

Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасына, Jusan Technologies Ltd және Ғалымжан Есеновке қатысты Қазақстан Республикасындағы, АҚШ-та және Ұлыбританиядағы барлық сот процестері тоқтатылуы тиіс.

Бұл – жағымды жаңалық. Jusan операциясы кезекті Стати ісіне айналып кете ме деген уайым болған. Қазір Jusan Bank Қазақстанда активтерінің көлемі бойынша алғашқы алтылыққа кіреді. Банктің өтімді активтері 1,2 триллион теңгеден асады. 2022 жылы банктің таза пайдасы 89 миллиард теңге болды. Jusan Bank-тің Қазақстанның 43 қаласында 118 филиалы, 3 миллионнан астам клиенті және 6 мыңнан астам қызметкері бар. Мұндай актив Қазақстанға өте керек.

Бірақ «Jusan» дорамасы жалғасатын сияқты. Мемлекет Ғалымжан Есеновке мұндай ірі активті тегін әперген жоқ. Шын мәнінде, Есеновке бұл банктің тек 20 пайызы тиесілі. Қалғанын ол «Жаңа Қазақстанға» қайтаруы тиіс. Бірақ кімге, қалай және қашан қайтарады? Ең маңызды сұрақтар осы. Jusan төңірегіндегі барлық келісссөздер құпия жүріп жатқандықтан, көп факт сыртқа шыға қоймады.

Бірақ мемлекет қазір демонополизация, деолигархизация жұмыстарына бел шеше кіріскендіктен, Jusan мәселесін ұзаққа созбайтынына сенімдіміз. Сол кезде, осы маңызды операцияның артында кім тұрғаны да белгілі болады.

Тегтер: