USD
USD
USD

Тамара Дүйсенова зейнетақы қандай жағдайда өсетінін айтты

Тамара Дүйсенова журналистердің жыл соңына дейін зейнетақы тағы көтеріле ме деген сұрағына жауап берді.

Тамара Дүйсенова зейнетақы қандай жағдайда өсетінін айтты
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Вице-премьер – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова журналистердің жыл соңына дейін зейнетақы тағы көтеріле ме деген сұрағына жауап берді.

«Бұл инфляция дәлізіне байланысты. Қазір Ұлттық банк маусым айында инфляция 15 процент болатынын айтты. Сол себепті инфляция деңгейіне қараймыз», – деп жауап берді Дүйсенова үкімет отырысынан кейін.

Министр биыл қаңтар айынан бастап елімізде базалық зейнетақы төлемі өскенін атап өтті.

«Базалық зейнетақысы аз болған азаматтардың төлемі 21 процентке артты. Орташа көлемде алатындардың зейнетақысы осыдан сәл төмен, ал жоғары зейнетақы алатындардікі 8,5 процентке көтерілді», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov