USD
USD
USD

Тамара Дүйсенова министрлікке оралуына қатысты пікір білдірді

Тамара Дүйсенова үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қайта оралуына қатысты сауалдарға жауап берді.

Тамара Дүйсенова министрлікке оралуына қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін, 2018 жылдың ақпан айынан бері алғаш рет Тамара Дүйсенова үкімет отырысына қатысты. Күні кеше ол Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрі болып қайта тағайындалған еді.

Кейінірек министрлер кабинетінің кулуарында журналистер Тамара Дүйсенованы сұрақтың астына алды. БАҚ өкілдерін министр демалып үлгерді ме, деген сұрақ қызықтырған. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев кезінде "Тамара, сен бұл қызметтен шаршадың ба?" деп сұрап, кейін отставкаға жіберген еді.

Журналистердің сауалына жауап берген министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін үздіксіз жұмыс істеп келеді.

"Маған уақыт, бір ай беріңіздер. Содан соң сіздердің алдарыңызға шығып, барлық сұраққа жауап беремін", - дейді ол. 

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі