9 Қаңтар 15:21
...

Тамара Асар БАТЫР ма? – Әнші алған медалі туралы айтты

Асар
Фото: Фото: YouTube

Жуырда белгілі әнші Тамара Асарға Атырау облысы ардагерлер кеңесі «Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова атындағы медальмен» марапаттаған.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасына былай деп жазды: «Мені «Батыр қыз» деуші Халқым, маңдайыма нағыз батыр қыздың атындағы медаль бұйырды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің шешімімен Халық қаһарманы және қоғам қайраткері,офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова медалімен марапатталдым. Хыйуаз апамдай қан майданның батыры болмасам да, жүрегіммен халқымды сүйіп, басым жерге жеткенше, Халқыма арнаған әніммен, сәніммен, Ата-Анамнан алған тәлім тәрбиеммен,ұ рпағыма дұрыс жол көрсетсем, абыроймен үлгі болсам,сол мен үшін бейбіт күннің батырлығы! Алдыңғы буын ағалар құрметтеріңізге үлкен мың алғыс! Атырауым, бас идім. Рахмет сенімдеріңізге!».

Бұдан соң желідегі жұрттың пікірі екіге жарылды. Бірі әншіні лайық десе, енді біреулер «Тамара қандай ерлік жасапты?» десті.

Тілшіміз мұны Тамара Асардың өзінен сұрады.

Асар
Фото: ғаламтордан

Қоғамдық ұйым сізге медаль берген екен. Бұл жайт біраз әңгіме тудырып жатқан көрінеді...

– Ештеңе оқыған жоқпын және ештеңе айта алмаймын. Әркім әртүрлі пікір айта береді ғой. Маған берді ме, беру керек болған шығар. Ешкімге ешқандай уәж айтпаймын. Халық өзі береді, халық өзі алады.

Бұл қандай медаль?Ардагерлер берді ме?

– Иә, бұл – халықтың ішінен шыққан марапат. Ал мен халыққа қарсы ештеңе айта алмаймын. Не айтса да дұрыс. Бұл мемлекеттік награда емес, кімнің шамына тиіп жатқанын түсінбеймін.

Басын иіп, кеудеме төсбелгіні түйреген қарттың өзі сексеннен асқан адам екен. Сондықтан әкемдей адамға «кешіріңіздер, мен бұған лайық емеспін» деп бетін қайтара алмаймын ғой.

Жуырда «Құрмет» орденін алған Әли Оқапов қоғам өкілдерінің сынынан соң марапаттан бас тартатынын мәлімдеп еді.

– Ол жайлы ештеңе оқыған да, қараған да жоқпын. Сол себепті ештеңе айта алмаймын...