USD
USD
USD

Тамақтануға арналған жазғы алаңдардың жұмыс кестесі өзгерді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомства өкілдері далада жұмыс істейтін нысандардың уақытын шектеуді жеңілдетуге келіскенін айтты.

Тамақтануға арналған жазғы алаңдардың жұмыс кестесі өзгерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Министрлік әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу өлшемшарттарын қайта қарады, оның ішінде уақыт бойынша бірқатар шектеуді алып тастау, далада қызмет ететін тамақтану нысандары үшін жеңілдіктер, спорттық іс-шаралар өткізу, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметі бар. Өлшемшартқа жаңа нысандар енгізілді: жазғы алаңдар, асханалар, стрит-фуд және басқа да қоғамдық тамақтану нысандары. Олардың қызмет ету тәртібі анықталды", - деді Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, "қызыл" аймақтағы тамақтануға арналған жазғы алаңдар 9.00-ден 20.00-ге дейін, "сары" аймақтағылар 07.00-ден түн ортасына дейін, "жасыл" аймақта 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бұл ретте мұндай барлық нысанда адам саны 50 пайыздан аспауы тиіс. Көше тағамдары мен ашық аттракциондардың қызметіне шектеу жоқ. 

Еске салайық, "қызыл" аймақтағы Ashyq бағдарламасына қосылған мекемелер "сары" аймақтың нормалары бойынша жұмыс істейді, ал "сарыдағы" мекемелер қосымшаның көмегімен "жасыл" аймақтың нормалары бойынша жұмыс істей алады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy