USD
USD
USD

Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына мониторинг жүргізіледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына мониторинг жүргізуді тапсырды. 

Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына мониторинг жүргізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекеттік органдар көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты, Бәсекелестікті қорғау агенттігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, көмір бағасын өткен жылғы деңгейде сақтап қалу үшін заңға сәйкес іс-шаралар қабылдауы қажет», - деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы Индустрия министрлігіне толық жұмыс істемей тұрған немесе тоқтап тұрған тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына мониторинг пен талдау жүргізіп, олардың толықтай жұмыс істеуі үшін іс-шараларды іске асыру керектігін ескертті

«Бүгін ұсынылған іс-шараларды ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылғы 1 ақпанға дейін Үкіметке Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенін енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті