Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тәліптер студент қыздарды паранжа киюге міндеттеді

Тәліптер талабына наразы қыз-келіншектер онсыз да ашық киінбейтінін айтуда.

Тәліптер студент қыздарды паранжа киюге міндеттеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ,Сондай-ақ бойжеткендер оқу орнында етек-жеңі ұзын көйлекпен жүруге тиіс. Содан соң қыздарға әйелдер немесе егде ер адамдар ғана сабақ бере алады. Бұл туралы «Талибан» үкіметінің Білім басқармасы бекіткен ресми құжатқа сілтеме жасаған The Straits Times басылымы хабарлады. Бұған дейін тәліптер хиджаб киген қыз-келіншектер еш кедергісіз білім алып, жұмыс істей алады, АҚШ елдің мәдениетін өзгерту ісіне араласпауы керек деп мәлімдеген еді. Бірақ бұған жергілікті батыл, белсенді әйелдер қарсы шыққан.

"Біздің бостандығымыз хиджабқа байланып қалған жоқ. Біз онсыз да исламның талабына сай киінеміз. Бұған дейін шариғатқа бойұсынып келгенбіз. Біздің бостандығымыз - білімді болуда, саясатқа араласуда. Біз жұмыс істеп, дамығымыз келеді. «Талибан» үкіметі бізге 100 немесе 80 процент еркіндік бермесе де, тым құрығанда 50 процент кеңшілік жасасын" дейді белсенділер. 

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш