Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тәліптер Панджшер провинциясын басып алмақ

Ауғанстанда «Талибан» радикалды қозғалысы елдің солтүстігінде орналасқан Панджшер провинциясын басып алу үшін аймаққа жүздеген әскерін жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәліптер Панджшер провинциясын басып алмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, Панджшер – әлі күнге дейін тәліптерге бағынбай келген жалғыз провинция. Жуырда радикалдар аймаққа 4 сағаттың ішінде бейбіт түрде берілуді талап еткен еді. Алайда Панджшер провинциясының билігі өліспей беріспейтінін айтып қысқа қайырған. Тәліптерге тойтарыс берем дегендердің қатарында Ашраф Ғанидің тұсында вице-президент атанған Амрулла Салех пен 1980-1990 жылдары ауған моджахедтерінің лидері, дала командирі және қорғаныс министрі болған Ахмад Шах Масудтың ұлы Ахмад Масуд бар.

Ауған астанасы тәліптердің қарамағына өткелі бір аптадан асты. Әлі күнге дейін Кабул әуежайында жиналған адамдардың қарасы қалың. Арасында балалар көп. Өз елінен безген халық шекара асуға асық. Қазір онда 20 мыңнан астам адам ашық аспан астында лас жерде түнеп жүр. Аптап ыстықта ауыз су мен азық-түлік те тапшы. Ал жуырда әуежайда қыспақтан аяқ астында қалған 7 адам қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш