Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Талып қалғаным жоқ»: Талдықорғанда вакцина алған медбике видеоүндеу жариялады

Талдықорған қаласында вакцинациядан кейін есінен таңып қалды делінген медбике видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Талып қалғаным жоқ»: Талдықорғанда вакцина алған медбике видеоүндеу жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінің медбикесімін. Кеше №2 емханаға COVID -19-ға қарсы вакцина алуға бардық. Вакцина алар алдында уайымдағаннан кейін жүрегімнің соғысы қатты болып, сол жерде маған алғашқы көмек көрсетілді. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жағдайым жақсарып үйге қайттым. Ал Instagram-желісінде мені «сол жерде талып қалыпты», мені «жансақтау бөліміне алып кетіпті» деген ақпараттың бәрі жалған екендігін айтқым келеді», - деді видео авторы.

Сондай-ақ, медбике бейнежазбада өзінің жұмыста отырғанын және жағдайы жақсы екенін жеткізеді.

«Үш аптадан кейін келесі вакцинамды алуға дайынмын», - дейді ол. Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Талдықорғанда вакцина алған медбикенің есінен таңып қалғандығы жөнінде ақпарат жарияланған болатын.

Ал Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Әубәкірова тұрғындардан тек ресми деректердің ақпаратына жүгінуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық