USD
USD
USD

«Талибан» жетекшісі кім?

«Талибан» қозғалысының жоғарғы көшбасшысы (Жоғарғы соттың шешімі бойынша Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Хайбатулла Ахунзада жетекшілік жасағаннан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты.Бұл жайында шетелдік БАҚ жазып жатыр. 

 «Талибан» жетекшісі кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Лаңкестік топ өкілдерінің айтуынша, 30 қазанда Ахунзада Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласындағы «Дарул Улум Хаким» медресесіне барған. Ол өз сөзін «ержүрек сарбаздар мен шәкірттерге» арнаймын деп бастады. «Талибан» жетекшісінің сөйлеген сөзінде тек дінге қатысы бар әңгімелер айтылған, саяси мәлімдемелер болған жоқ.

«20 жыл бойы кәпірлер мен залымдарға қарсы күрескен Ауғанстанның езілген халқына Алла сауабын берсін. Менің мұндағы ниетім сіз үшін дұға ету, ал сіз маған дұға етіңіз», – деді Ахунзада.

Ол сондай-ақ, елді қалпына келтіру жолында «Талибанды» үлкен сынақ күтіп тұрғанын айтты.

БАҚ өкілдері Ахунзада өткізген жиын қатаң күзетпен өткендіктен фото, видео ала алмаған.

Діни лидер Хайбатулла Ахунзада 2016 жылы АҚШ-тың ұшқышсыз ұшағы соққысынан бері «Талибан» қозғалысын басқарды. Ол қарулы топтың барлық саяси, діни және әскери істеріндегі ең жоғарғы лауазымда отыр. Тәліптер қатарында ол әскери қолбасшыдан гөрі рухани көшбасшы болып саналады.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицейдің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич