USD
USD
USD

«Талибан» сайлау өткізеді

  Бұл туралы тәліптер үкіметінің ақпарат және мәдениет министрлігіне сілтеме жасаған «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады.

«Талибан» сайлау өткізеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әзірге саяси науқанның нақты қай деңгейде, қандай салалар бойынша өткізілетіні белгісіз. Тәліптер бұл сайлауға «Талибан» қозғалысына мүше емес, халықтың өз ішінен шыққан талантты адамдарды тартатынын айтқан. Ал солтүстіктегі Панджшер провинциясындағы Ұлттық қарсылық майданы осы өңірдің 65 процентін әлі иеленіп отыр. Бұл мәліметті көтерілісшілердің CNN арнасына сұхбат берген өкілі жариялады. Сондай-ақ Норвегияның Ирандағы елшісі Сигвальд Хауге твттердегі парақшасында «Талибан» содырлары Кабулдағы осы еуропалық мемлекеттің елшілігіне басып кіргенін мәлімдеді. Шараптар мен балалар кітаптарын жойған тәліптер ғимаратты қайта босататынын айтқан. Ал Еуропалық одақ кәрі құрлыққа ағылатын ауған азаматтарының қалың нөпіріне дайындыққа кірісті.

Фабрис Леджери, ЕО шекара агенттігінің бас директоры:

– Шетелде тұрып жатан Ауғанстан азаматтары бірінші кезекте Еуропалық одақ аумағына қарай ағылады деп болжаймыз. Себебі оларды экономикалық жағдай қызықтырады. Еуропаға келсе, ауған босқындарын Ауғанстанға қайтара алмаймыз. Бірақ ауған азаматының кейпіне енген өзге елдің адамдарын анықтап, Еуроодақ аумағынан шығара аламыз.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park