«Талибан» өзбек тілін ресми мәртебесінен айырды
"Негіздер" деп аталатын қабылданған заңға сәйкес, елде тек пушту мен дари ғана мемлекеттік тіл болып қала береді, ал ханафи мазхабының сунниттік исламы жалғыз ресми дін болып танылады.
Алматы, NEGE. Сонымен қатар, елде әлі де айтарлықтай маңызға ие шииттер қауымы бар екені және солтүстік провинцияларда өзбек тілінде сөйлейтін халықтың көп тұратыны айтылады.
Заң сонымен қатар Ауғанстанда ислам заңгерлері кеңесі мен жоғары кеңес құруды көздейді, оның құрамына әр аймақтың саясаткерлері, ғалымдары мен дінбасылары кіретін болады. Атқарушы биліктің басшысы – президент болып, оны азаматтар мен жоғары кеңес мүшелері сайлайды.
Бұдан бөлек, құжат Ауғанстан Ұлттық Ассамблеясының өкілдерін депутаттық айрықша мәртебесінен айырады және британдықтардан, ресейліктерден және американдықтардан алған Тәуелсіздік күнін мереке ретінде бекітеді.
Бұған дейін Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжанов "Талибан" қозғалысы өзбек билігіне Ауғанстандағы өзбек тілінің ресми мәртебесін сақтауға кепілдік беретінін айтып, оның аталған елде зерттелуіне және дамуына ықпал етуге уәде бергенін айтқан.
Қазір оқып жатыр
Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады
Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды
Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен
Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты