USD
USD
USD

Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды

Семей қаласының әкімі лауазымына Талғат Мұратов тағайындалды.

Талғат Мұратов
Фото: Абай облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. Ол бұған дейін Бесқарағай ауданын басқарды.

Талғат Батырұлы Алматы облысы Қаратал ауданы Кәлпе ауылында дүниеге келген.

2007 жылы – Қазақ бас сәулет құрылыс академиясын, 2015 жылы – Қазақстан инновация университетін, 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 1993 жылы «Стройдеталь» жеке кәсіпорнының атқарушы директоры қызметінен бастады. Әр жылдарда түрлі мекемелерде басшылық қызмет атқарды.

2014-2018 жылдары Бесқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы болды.

2018-2022 жылдары Жарма ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылдың қазан айынан осы уақытқа дейін Бесқарағай ауданының әкімі лауазымын атқарған.

https://kaz.inform.kz/news/talgat-muratov-semey-kalasinin-akm-bolip-tagayindaldi-829899/

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.