USD
USD
USD

Талғат Момышев Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Вице-министр
Фото: ғаламтордан

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1997–1998 жылдары Жамбыл Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

1998–2000 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің аппаратында жалпы бөлімнің аға референті және инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы.

2000–2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде жұмыс істеді. «Метрология» РМК Алматы филиалының басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары, Астана қаласы бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ өндірістік басқармасының бастығы және Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2010–2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2014– 2016 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2016–2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2018–2019 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігі жауапты хатшы және аппарат басшысы болып қызмет етті.

2021–2023 жылдары — ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

2023–2024 жылдары — ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директоры.

2024 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директоры болып жұмыс істеді.

Қазір оқып жатыр

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Маңғыстау

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

фармацевтика

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай