USD
USD
USD

Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басқарма төрағасы қызметінен кетті

Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Талғат Алдыбергенов
Фото: rail-news.kz

Астана, NEGE. Оның өкілеттігі компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ шешімімен тоқтатылды.

Талғат Алдыбергенов бұл қызметке 2025 жылғы 3 шілдеде тағайындалған болатын.

Оған дейін ол «Кедентранссервис» АҚ президенті, «АвтоГазАлматы»  ЖШС бас директоры, «Kazakhmys Maker» ЖШС басқарма төрағасы сияқты лауазымдарды атқарған.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалғанға дейін бір жылдай төрағаның орынбасары болған.

Айта кетейік, таяуда Алдыбергенов «ASTANATRANSEXPRESS» ЖШС-нің құрылтайшысы екенін растаған болатын. Өзінің айтуынша, ұлттық компанияға ауысқаннан кейін компания сенімгерлік басқаруға берілген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы