USD
USD
USD

Талғарлық қос барымташы қолға түсті

Алматы облысында ауыл тұрғындарының малын ұрлауды кәсіп қылған қос барымташы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғарлық қос барымташы қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талғар қаласының бұған дейін ұрлық, тонау, өзгенің көлігін айдап кету және есірткі өнімдерін сақтау қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған 37 және 56 жастағы екі тұрғыны мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді. Полицейлер оларды Талғар қаласы тұрғының қорасында тұрған жылқыны түнгі мезгілде ер-тұрманымен ұрлады деген күдікпен ұстады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. – Учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, жақын маңдағы барлық шаруа қожалықтары мен елді мекендер тексерілді. Іздеу нәтижесінде таулы аймақта орналасқан шалғайдағы қыстақтардың бірінен қолды болған жылқы ер-тұрманымен табылды. Қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды, – деді Талғар АПБ басшысының орынбасары Андрей Бурянский. Екі күдікті де уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Табылған жылқы заңды иесіне қайтарылды. Қала тұрғыны малын аман-есен қайтарған тәртіп сақшыларына алғысын айтып, оларға зор денсаулық, қылмыспен күресте және қол ұшын беруде сәттілік тіледі.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай