USD
USD
USD

Талғардағы оқиға: Алматы облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа басшы келді

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Байжан Сатылғанов тағайындалды, деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі .

 Байжан Сатылғанов
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. «Ішкі істер министрлігімен келісе отырып, Алматы облысының полиция департаменті бастығының бұйрығымен Байжан Сатылғанов ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы болып тағайындалды», – деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Талғардағы оқиғадан кейін ҚР Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылған еді. Солардың ішінде Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы да бар. 

Полиция майоры Байжан Сатылғанов Қордай ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын учаскелік полиция инспекторының көмешісі болып бастаған.

Сатылғанов көліктегі полиция бөлімінде, сондай-ақ Жамбыл облысы ішкі істер департаментінде түрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеген. Ол бұған дейін Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт