USD
USD
USD

Талғардағы балалар үйінің қызметкерлері наразылыққа шықты

Талғар қаласындағы балалар үйінің қызметкерлері наразылыққа шықты. Олар жұмыс кестесінің өзгеріп, жалақының төмендеп кеткеніне шағымданды. 

В
Фото: видеодан скрин

Алматы, NEGE. "Аяла" Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының” қызметкерлерінің айтуынша, олар бес жылдан астам уақыт бойы бір тәулік жұмыс істеп, екі күн демалыс кестесімен 300 мың теңге жалақы алып келген.

Алайда соңғы уақытта қызметкерлерге жаңа жұмыс кестесі белгіленген. Жаңа кестесі бойынша алғашқы тәулікте – күндіз жұмыс, екінші тәулікте – түнгі жұмыс, үшінші тәулікте – демалыс. Ал жалақы 243 мың теңгеге төмендеген.

Наразылыққа шыққан қызметкерлер зейнетақы жарналарына қатысты да заңбұзушылықтар барын айтып, аудиттік тексеріс жүргізуді талап етті.

Мекеме директоры бұл қызметке жақында ғана тағайындалғанын айтып, мұндай шешімді еңбек инспекторының ескертулеріне байланысты қабылдағанын түсіндірді. Директор зейнетақы жарналарының дұрыс аударылмауы мен қызметкерлер табысының азаюы туралы білмейтін болып шықты. Ол есепшілердің мәселесін мұқият тексеруге уәде берді.

Қазір оқып жатыр

Министр Сәденов олигарх Рашид Сарсеновтың «крышасы» ма?

.

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким