USD
USD
USD

Талғарда екі бала әжетхана шұңқырынан шыға алмай қалған

Талғар ауданы Амангелді ауылында даладағы әжетханадан ұл мен қыз бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Талғарда екі бала әжетхана шұңқырынан шыға алмай қалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдымен үш жасар бала дәретханаға құлап кеткен, әкесі оны 10 жастағы қызының көмегімен құтқаруды ұйғарған, бірақ екі баласын көтере алмай, құтқарушыларды шақырған.

"28 шілдеде сағат 18:45-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Талғар ауданы Амангелді ауылында Әл Фараби көшесінің бойындағы әжетханаға бала құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті", - делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнында құтқарушылар мән-жайды анықтап, балаларды шұңқырдан алып шықты.

"Оқиға орнына жеткенде 2020 жылы туған бала шұңқырға (әжетхана) құлап кеткені, ал әкесі оны құтқару үшін 2013 жылы туған қызын арқанмен шұңқырға түсіргені анықталды. Бірақ ол екі баланы шығара алмаған. Сағат 18:54-те үш қызметкер мен ТЖД техникасының күшімен балалар шұңқырдан шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті", - деді құтқарушылар.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты