USD
USD
USD

Талғарда әйелін аяусыз өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Алматы облысының полиция қызметкерлері әйелін аяусыз өлтірді деген күдіктіні ұстады.

Талғарда әйелін аяусыз өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл 12 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналынан ер адам әйелдің мәйітін тауып, полицияға хабар берді. Бұл факт қылмыстық істердің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу-жедел тобы оқиға орнына шұғыл жетті. Ақпарат расталды, — деп жазды Алматы облысы ПД басшысы Серік Күдебаев Facebook -те.

Еңбекшіқазақ аудандық ПБ жүргізілген тексеру барысында мерт болған әйелдің 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екені анықталды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің 48 жастағы күйеуі ұсталды.

Ұсталған ер адам 6 қыркүйекте өзара жанжал кезінде әйелін сабап, өлтіріп алғанын, қылмысын жасыру үшін оның денесін Үлкен Алматы каналына апарып, лақырып жібергенін мойындаған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді