USD
USD
USD

Талғарда ұрланған қызға ота жасалды

Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты.

Ота жасалды
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы облысының Талғар қаласында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұған дейін ер адам жергілікті тұрғынды атып өлтіріп, екі жасар қызды ұрлап кеткен еді.

Адвокат Гаухар Сариева әлеуметтік желідегі парақшасында бүлдіршіннің жағдайы туралы хабарлады. Оның айтуынша, балаға шұғыл операция жасалып, тіліне 8 тігіс салынған.

«Қылмыскер кішкентай қызды көлікке мінгізіп алып, бірге аударылып түсті. Сол кезде бүлдіршін жарақаттар алып, тіліне тігіс салынды. Қылмыскер баланы ұрған жоқ. Оның тірі қалғанына шүкір», – деді адвокат.

Сариеваның айтуынша, оқиға кезінде баланың анасы үйде болмаған.

«Ол онкологиялық науқас көршісіне дәрі қойып жатқан. Дәл осы сәтте қылмыскер келіп, оны және қызын іздеген. Егер үйде болғанда, жағдай мүлдем басқаша өрбуі мүмкін еді», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.