Референдум Референдум
4 Наурыз 16:10
...

Талғарда тағы қанды қылмыс: екі әйел ер адамды пышақтады деген күдікке ілінді

Пышақ жарақаты
Фото: ptzgovorit.ru

Талғарда тағы бір қанды оқиға болғанын адвокат Асылбек Әбдірайымов хабарлады.

Референдум

Астана, NEGE. Заңгердің мәлімдеуінше, қанды қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болған. 

«Әйелі күйеуіне айтпай, жылқысын сатып жіберген. Осыдан кейін күйеуі полицияға шағымданған. Соған ренжіген әйелі шешесімен келіп, ұйықтап жатқан күйеуіне отыздан астам пышақ жарақатын салып, өлтірген», – дейді адвокат.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында 16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған төрт жігіт сотта ақталып шыққанын жазған едік. Жәбірленуші тарап редакцияға хабарласып, айыпталушылардан қысым көріп жатқанын айтып, оқиғаның жай-жапсарын баяндап берді.

Осы аудандағы Қызылқайрат ауылында өткен жылы қыркүйекте болған оқиға да көптің жағасын ұстатты. Тергеу дерегінше, көлік жөндейтін орында жұмыс істеген ер адам жергілікті әйелді зорлап, бір ай бойы оны қорқытып келген. Кейін әлгі ер адам әйелдің бауырын өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кеткен. Оқиғаның алдында жәбірленуші әйел полицияға арызданған. Алайда күдікті оқшауланбаған, іс қозғалмаған. Осы істе әрекетсіздік танытқан полицейлердің үстінен де қылмыстық іс қозғалды.

Ал Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс жұртшылық арасында үлкен резонанс тудырды. Қайғылы оқиға 2024 жылғы 4 қазанда болған. 16 жастағы Шерзат Полатты бір топ адам анасының көзінше аяусыз ұрып, өлтіріп кеткен.

Іс бойынша 9 адам айыпталды. Оларға адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу, бұзақылық және қылмысты хабарламау баптары бойынша айып тағылды. Сот үкімімен басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға, Равиль Сакиев 20 жылға, Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға сотталды.

Референдум