USD
USD
USD

Талғарда күдіктінің изолятордан қашып кетуіне жол бергендер жазаланады

Алматы облысының Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдіктінің уақытша ұстау изоляторынан қашып кету оқиғасынан кейін «Салғырттық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаев
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.

«Қылмыскерді іздеп жатырмыз. Барлық шараны қабылдадық. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде. Бәрі жазаланады. «Салғырттық» бабы бойынша іс қозғалды. Кінәлілерді жауапқа тартамыз», - деді Игорь Лепеха.

Естеріңізге сала кетейік, Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан зорлық жасады деген күдікпен қамауда отырған ер адам қашып кеткен болатын. Кейін қашқынға қатысты мәліметтер жарияланып, аты-жөні белгілі болды. Сонымен қатар, қамаудан қашып кеткен күдіктіге қатысты көршілері тың мәлімет айтты.

Полиция негізгі жолдарға блок-бекеттер қойып, қашқынды іздеу және ұстау үшін барлық күш пен құралдарды жұмылдырды.

Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме