USD
USD
USD

Талғарда ер адамды өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлап кеткен күдікті қолға түсті

Ішкі істер министрлігі Талғарда ер адамды атып өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлау ісі бойынша ресми пікір білдіріді. Олар күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді. 

Т
Фото: Telegram-арна Молодой Кабылтаев

Алматы, NEGE. Министрлік адамды өлтіру және кәмелетке толмаған баланы ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдікті мен жәбірленуші бұрын жақын қарым-қатынаста болған.

«Олардың арасында жанжал туындап, күдікті жәбірленушінің ағасына оқ атқан. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қылмыс жасалған соң күдікті кәмелетке толмаған баланы ұрлап қашып кеткен. Күдіктінің жеке басы мен орналасқан жері анықталды. Ол қамауға алынып, қылмыс құралы шолақ мылтық тәркіленді», – делінген хабарламада.

Қыз анасына табысталды. Оны дәрігерлер тексеріп жатыр. Ал кейінірек адвокат Гауһар Сариев баланың көліктен табылғанын, ал күдіктінің таудан ұсталғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ