USD
USD
USD

Талғарда бейтаныс адам ер азаматты атып, баланы алып кетті

Әлеуметтік желілерде Талғар қаласында бейтаныс адам ер азаматты атып өлтіріп, оның қызын алып кеткені туралы ақпарат тарады.

С
Фото: видеодан скрин

Алматы, NEGE. Оқиға туралы адвокат Гауhар Сәриева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамды өлтіру және баланы ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

– Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті мен жәбірленуші бұған дейін жақын қарым-қатынаста болған. Араларында жанжал шығып, күдікті жәбірленушінің бауырына аңшы мылтығымен оқ атқан. Ол оқиға орнында қаза тапты. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті кәмелет жасқа толмаған баланы алып, ізін жасырған. Қазіргі таңда күдіктінің жеке басы мен жүрген жері анықталды. Оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр, - делінген полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі полицияның арнайы жасағы кәмелет жасқа толмаған баланы құтқару операциясын сәтті жүргізгенін хабарлады.

– Бала босатылды, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Күдікті ұсталды, қылмыс жасалған қару тәркіленді - деп хабарлады ведомство.

Ішкі істер министрі арнайы операцияның барысын жеке бақылауында ұстап отыр.

Қазір оқып жатыр

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ