USD
USD
USD

Талғар тұрғындары қаланың жаңа әкімін сайлады

 Сайлауда 47,71 пайыз дауыс жинаған Бақыт Қуатбекұлы Күрішбеков Талғар қаласының әкімі болып сайланды.

Талғар тұрғындары қаланың жаңа әкімін сайлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бүкіл сайлаушылардың 23,77% дауыс берген. Талғар қаласы әкімінің лауазымына 4 үміткер таласты. Бақытжан Рақымұлы Ақботаев сайлау қорытындысы бойынша 23,63% дауысқа ие болды, Нұрбек Бақытқанұлы Даулетбақовты халықтың 17,84% қолдаған. Сапарбек Мұхтарұлы Назарбаев 7,70% дауыс жинады. 218 сайлаушы бәріне қарсымын десе, бүлінген және дұрыс қолданбаған бланк саны – 93 болды. Бақыт Күрішбеков Талғар қаласында туған. 32 жаста. Мамандығы – экономист. Сайлауға дейін Amanat партиясы Талғар аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып жұмыс істеген. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт